KZ
Өскемен
-19°
плотный туман Штиль
505.15 550.31 5.89

Ломтадзе Англияның футбол клубын сатып алды

Фото: liter.kz

6.05.2024, 20:21 376 Айжанат Бақытқызы

Kaspi.kz акционері Михаил Ломтадзе ағылшын кәсіби Wycombe Wanderers футбол клубының акцияларының басым бөлігінің иесі болды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Naryk.kz сайтына сілтеме жасап.

«Wycombe Wanderers футбол клубының 90% иелік ететін Feliciana EFL Ltd компаниясының меншігі Feliciana EFL LLC компаниясынан Михаил Ломтадзеге тиесілі Blue Ocean Partners II Limited компаниясына өтті», - делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, Михаил Ломтадзе клубтың директорлар кеңесіне қосылды.

Wycombe Wanderers футбол клубы Англияның оңтүстік-шығысындағы Букингемширдегі Хай Уикомб қаласында орналасқан. 1887 жылы құрылған. Англияның 1-лигасында, яғни 3-дивизионында ойнайды. Команданың ең үлкен жетістігі — 2000/2001 Англия кубогының жартылай финалына дейін жетуі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу