Өскемендегі қоғамдық тәртіпті күзетуде ағайынды Асылғазиндердің үлесі зор
Қанат, Қуат және Самат Асылғазиндер Өскемен қаласындағы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонында қызмет етеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Патрульдік полицияның міндеті - тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Антқа адал ағайындылар бұл міндетті абыроймен арқалап жүр
Олардың жұмысының бағыты, ең алдымен, қылмысты әшкерелеп, тәртіпті күшейту, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтардың жолын кесу болып табылады.
Араларында небары бір жас айырмашылығы бар Қанат пен Қуат Асылғазиндер қызметке бір уақта келген. Олардың ізін туған інілері Самат та жалғаған. Айта кетейік, ағайындылар Самар ауданы, Бастаушы ауылының тумалары.
Бүгінде ағайындылардың әрқайсысы шаңырақ көтеріп, ұл-қыз тәрбиелеп отыр. Олар балалары да әке жолын қуып, полиция қызметкері боламын десе, қолдауға дайын екендіктерін айтады.
Еңбек жолын ағасымен бірге бастаған Қуат Мұхамедсәбитұлы жұмыстың оңай еместігін жасырмайды.
Кешегі батыр бабалардың, жаужүрек қазақтардың жалғасы – бүгінгі тәртіп сақшылары десек, артық емес шығар.
Екі ағасынан үлгі алған Самат Мұхамедсәбитұлы да осы саланы таңдап, 2013 жылы Өскемен қаласы жол патрульдік батальонына келген.
Қоғамға қызмет ету тәртіп сақшысының басты парызы. Антқа адал, сертке берік олардың ұстанған қағидасы осы. Сондықтан қандай жағдай болмасын қоғамға қол ұшын беруге дайын. Бейбіт күннің батырлары талап пен тәртіпке бағынып, жүктелген міндеттерді абыроймен орындап келеді.