Өскеменде «Жарқыл-2024» әскери-патриоттық ойындары өтті
Оған қалалық мектептерден барлығы 400-ге жуық бала қатысты.
Өскеменде дәстүрлі түрде жылда өтетін әскери-спорттық ойын әрдайым қала маңындағы тау бөктерінде ұйымдастырылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бірақ жылда жаңа сценаримен өрбиді. Биыл оқушылар отандық әскерилерге қару мен ас-ауқат жеткізуші көліктерге тосыннан жасалған шабуыл кезінде жауға төтеп берді.
Жастар күш, ептілік және тапқырлық жағынан сынға түсті. Ал оларға Ауғанстандағы соғыс ардагерлері қоғамдық бірлестігінің тәлімгерлері көмектесті.
Ұлдар мен қыздар өздерін бірнеше сағат барлаушылар, тау атқыштары және минометшілер рөлінде болды. Орман, тау мен тасқа қарамастан ойын қатысушылары ерік-жігердің арқасында өздеріне қойылған міндетті мүлтіксіз орындап, тапсырманы дұрыс орындап шықты.
Ойын қорытындысы бойынша келесі командалар жеңімпаз атанды:
1-орын – «Алаш» командасы
2-орын – «Бірлік» командасы
3-орын – «Айбын» командасы
Жеңімпаз командаларға жүлде ретінде мектептегі алғашқы әскери дайындық сыныптарына қажетті құрал-жабдықтар тарту етілді.