KZ
Өскемен
+27°
ясно жел 2 м/с, ОБ
443.44 480.51 4.88

Топтерек ауылы маңындағы көпірде көлік қозғалысы шектелді

7.05.2024, 16:30 249 Мадина Амангелдіқызы

Бүгін, 7 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында жауын-шашын салдарынан Жіңішке және Күршім өзендерінің деңгейі күрт көтеріліп, ағыны күшті су көпірдің бетон құрылысына зақым келтірген.

Бұл көпір Күршім мен Топтерек ауылдарының арасын жалғаған жолдың бойында орналасқан, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аталған бағыттағы жолда көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды, бірақ адамдар жаяу жүріп жатыр. Жергілікті атқарушы билік пен жауапты орган өкілдері оқиға орнына дереу жетіп, тиісті жұмыстар қолға алынды. Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін айналма жол салу жұмысы басталып кетті.  

- Айналма жол салуға Күршім коммуналдық шаруашылық мекемесінің бес техникасы және 10 адам жұмылдырды. Жұмыс шамамен екі күнде аяқталып, айналма жолмен көліктер қатынайтын болады, – деді Күршім ауылдық округінің әкімі Ерлан Нұрсоветов.  

Мамандардың айтуынша, елді мекенге тасқын судан қауіп жоқ. Жағдай аудан әкімінің бақылауында. Су қайтқан соң көпір қалпына келтіріледі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив