KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 2 м/с, В
480.61 534.53 5.28

Жармада роботтық техника сыныптары ашылады

5.04.2018, 08:38 179

Жармалық кәсіпкерлер «Менің мектебім» акциясының аясында «Парыз» қоғамдық қорына 45 миллион теңге аударды.


Акция аясында түскен қаражат есебінен Қалбатау мен Шар қаласындағы, сондай-ақ Суықбұлақ, Әуезов, Жаңғызтөбе кенттеріндегі, Шалабай мен Үшбиік ауылдарындағы мектептерге қажетті құрал-жабдықтар сатып алынады. Алдағы уақытта аудандағы 14 мектепте роботтық техника сыныптары ашылады деп жоспарлануда. Бұдан бөлек физика, химия, биология кабинеттері қайта жабдықталмақ.


– «Менің мектебім» акциясына ерекше үлес қосқан «Бақыршық тау-кег өндіру кәсіпорнына, «АС Горняк», «Жарма құрылыс газ», «Шалабай» ЖШС-ларына, сондай-ақ Ринат Молдабаев, Лазира Садуақасова, Нұрлан Төлеңгітов сынды кәсіпкерлерге алғыс білдіремін, - дейді аудан әкімі Нұрлан Сыдықов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив