KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 1 м/с, С
439.43 473.31 4.82

ШҚО-да «Үздік әдістемелік кабинет» байқауы өтті

3.04.2018, 05:22 285

Облыстық білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде алғаш рет «Үздік әдістемелік кабинет» облыстық байқауын өткізді.


-Байқау өңіріміздегі білім бөлімдеріндегі әдістемелік кабинеттердің қызметін дамытуға, оқу орындарының инновациялық қызметін қамтамасыз ету жөніндегі тиімді жұмыс тәжірибелерімен бөлісуге және әдістемелік кабинеттер арасындағы шығармашылық байланыстарды кеңейту мақсатында өткізіліп отыр,-дейді «Шығыс» өңірлік орталығы директорының орынбасары Аркадий Исаев.

Байқауға қатысушылардың еңбектерін тиісті көрсеткіштерге сәйкес сарапшылар бағалады. Сайыс қортындысында шығармашылықпен жұмыс істейтін және кәсіби рейтингі жоғары қалалық, аудандық білім беру бөлімдерінің әдістемелік кабинеттері анықталды. Атап айтқанда,


бірінші орынды Тарбағатай ауданының білім беру бөлімі,


екінші орынды Семей қаласының, үшінші орынды Күршім ауданы мен Үржар ауданының білім бөлімі иеленді. Жеңімпаздар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Облыстық байқаудың жеңімпазы Тарбағатай ауданының білім беру бөлімі «Үздік әдістемелік кабинет-2018» кубогына ие болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив