Қазақстан мен Мысыр арасындағы әуе рейсінің саны айтарлықтай артады
t.me/caa_kaz
Бұған дейін екі ел арасында аптасына рейс саны 14 болса, енді 48-ге дейін артады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мәлімдегендей, Қазақстан мен Мысырдың авиациялық билігі арасында келіссөздер жүргізілді.
Сондай-ақ, тағайындалған тасымалдаушылардың саны артты. Мәселен, қазақстандық тарап қолданыстағы "Air Astana" және "SCAT" тасымалдаушыларына "Fly Aystan" әуе компаниясын елдер арасындағы тұрақты рейстерді орындауға тағайындады. Мысыр тарапы өз кезегінде қолданыстағы "EgyptAir", "EgyprAir Cargo" және "Air Cairo" тасымалдаушыларына "Red Sea" және "Nile Air" тағайындады.
Сонымен бірге, келісімдер бойынша екі елдің әуе компаниялары өзара коммерциялық келісімдер жасай алады. Уағдаластықтар негізінде екі тараптың тағайындалған әуе компаниялары рейстер санын ұлғайтуды және елдер арасындағы ұшу географиясын кеңейтуді жоспарлап отыр.