KZ
Өскемен
-2°
туман Штиль
478.96 533.03 5.22

Жарма ауданында су басу қаупі бар елді мекендердің картасы жасалды

31.03.2018, 04:01 150

Жарма ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында барлық ауылдық округте кезекшілік ұйымдастырылып, су басу қаупі бар елді мекендердің картасы жасалған. Сондай-ақ аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары Жармадағы Кеңтарлау, Қаратөбе, Жаңаөзен ауылдары мен Шар су қоймасын бақылауда ұстап отырғанын айта кеткен жөн.


– Ақпан айынан бастап аудандағы 408 су құбыры мен 52 көпір еріген қар суынан тазартылды. Бұдан бөлек бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізілді. Оған «ДЭУ-28», «Жарма тас жолы», «Жарма-Су», «Горводхоз» сияқты мекемелер тартылды. Қазір Жарма ауданындағы Шар, Ортабұлақ, Қарағанды, Байкал, Қызылсу, Ақтайлақ сияқты алты су қоймасының жағдайы тұрақты, - дейді аудан әкімі Нұрлан Сыдықов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив