KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Көктемгі қар суынан келер қауіп жоқ

29.03.2017, 18:00 355



Шығыс Қазақстан облысы орталығының тұрғындарына көктемгі қар суынан келер қауіп жоқ. Үлбі өзенінің су басу қаупі бар жағалаулары мен сағалары ақпан айында алдын ала анықталып, қазіргі уақытта жағалауды бекіту, көтеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Су ағатын негізгі арықтар тұрмыстық қалдықтардан, қар мен мұздан аршылған. Өскемен қаласына қарасты өзге де су қоймаларына тәуліктік бақылау бекеттері ұйымдастырылған. Бұл жөнінде Өскемен қаласының әкімі Ерлан Аймұқашев арнайы ұйымдастырылған рейд барысында айтты.

Рейдке қатысушылар алдымен Согра ықшам ауданындағы Городская, Гражданская көшелерінде, Проходный тұйық көшесінде болып, Үлбі өзенінің жағалауын тексерді. Бұл жерде жағалау төрт метрге дейін көтеріліп, биіктетілуде. Естеріңізде болса, былтыр дәл осы арада өзен суы көтеріліп, аталған көшедегі үйлерді су басу қаупі туындаған болатын. Қала әкімінің айтуынша, биыл ешқандай қауіп жоқ.

Мұнан соң қала әкімі бастаған топ осы Согра ықшам ауданындағы Согринская көшесіндегі арықтардың, «Титан» бау-бақша серіктестігі аумағындағы бұлақтың сағасы, Глубокое ауданына қарасты Солнечный кентіндегі Маховка өзеніндегі тоғанның жағдайын бақылап қайтты.

- Биыл көктемгі тасқынға қарсы дайындықты ақпан айында бастап кеттік. Су басу қаупі анықталған барлық жерлер мен су қоймалары толық бақылауға алынған. Өздеріңіз көргендей, Үлбі өзенінің қауіпті жағалаулары бекітілуде. Ұзындығы 250 метр жағалау 4 метрге дейін көтерілді. Техникалар мен адамдар сақадай-сай. Дегенмен, бұған қарап, дайындықты әлсіретуге болмайды. Барлық жерде тәуліктік бақылау ұйымдастырылған, - деді Өскемен қаласының әкімі Ерлан Аймұқашев.
Қала әкімдігі берген ақпаратқа сүйенсек, бүгінгі күнде жалпы ұзындығы 1685 метр болатын су бұру арналары тазаланып, 1437 су құдықтары ашылған.

Көктемгі қар суынан келер қауіп жоқ

Көктемгі қар суынан келер қауіп жоқ

Көктемгі қар суынан келер қауіп жоқ

Дәурен Аллабергенұлы
Суретін түсірген - Манап Мұртазаев




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив