KZ
Өскемен
-2°
туман Штиль
478.96 533.03 5.22

Семейде еріген қар суын тазалау жұмыстары қарқын алды

26.03.2018, 09:21 165

Семейлік коммуналшылар қала көшелерін судан тазартуды мықтап қолға алса керек. Атап айтқанда 12-24 наурыз аралығында 12, 5 мың текше метр су шығырылып, 1400 текше метрден аса инертті материалдар жеткізіліпті.


Өткен тәуліктің өзінде тұрғындардан 40 тақау өтініш түсіп, 13 мекенжайдан 1094, 5 текше метр су сорылған екен. Сол сияқты 38 өтініш бойынша қосымша инертті материалдар жеткізілді. Бұл іске 17 бірлік техника мен арнайы қондырғы тартылған. Тұтастай алғанда 16-23 наурыз аралығында 224 өтініш қабылданған-ды. Су басу қаупі бар аудандарда мониторинг тәулік бойы жүргізіліп келеді. Осы ретте тиісті органдар, су деңгейі көтерілген жағдайда 56-99-43 нөміріне хабарласуын сұрайды. Бұл байланыс нөмірі бойынша еріген қар суын тазалау және инертті материалдарды жеткізуге қатысты өтініштер қабылданады екен.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив