KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 5 м/с, В
488.11 530.09 5.01

Жарна аудармаса, жауапкершілікке тартыла ма?

10.03.2018, 09:14 150

-Кәсіпорында жұмыс істейтін қызметкер үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға тиісті жарна төлемейтін жұмыс беруші қандай жауапкершілікке тартылады?


Рауан Кәрімов


Алтай кенті,


Глубокое ауданы.

Сауалға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының облыстық филиалының директоры Болат Әлиев жауап береді:


– «Қазақстан Республикасының кейбір заңды актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру сұрақтары бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы №406 заңмен реттелген «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Кодекстің 92-1 бабына сәйкес МӘМС жүйесіне аударымдар мен жарналарды аудару бойынша міндеттерді жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер, жеке сот атқарушылар, адвокаттар, кәсіби медиаторлар орындамаған немесе дұрыс орындамаған жағдайда, яғни, төлемеген (аудармаған), уақтылы емес және (немесе) толық төлемеген жағдайда ескерту жасалады.


Жыл бойы мұндай әрекеттер қайталанған жағдайда әкімшілік жаза қолданылған соң, айыппұл салынады:


- шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – МӘМС-ке төленбеген (аударылмаған), уақытында төленбеген және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) аударымдар мен жарналар сомасынан жиырма пайыз мөлшерінде;


- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз пайыз мөлшерінде;


- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - елу пайыз мөлшерінде

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив