KZ
Өскемен
+28°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
441.66 475.14 4.86

Абайлықтарға 15 тонна арзан көкөніс алып келді

5.03.2018, 09:22 155

Абай ауданында жергілікті әкімдік пен «Агрофирма «Приречное» ЖШС арасында жасалған меморандум аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері ұйымдастырылып келеді.


Аудандық ішкі саясат бөлімінен хабарлағандай, мұндай жәрмеңкелердің мақсаты негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, сондай-ақ аудан халқын қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету болып табылады.


Таяуда осымен екінші рет өткен жәрмеңкеде аудан тұрғындарына жиыны 15 тонна көкөніс өнімдері (қырыққабат, сәбіз, қызылша, сарымсақ және картоп) ұсынылды. Бұл өнімдердің бір келісі 83 теңгеден саудаланды.


Арзан бағалы көкөністерді қапшықтап сатып алған аудан тұрғындары М.Тұмабаев басшылық ететін «Агрофирма «Приречное» ЖШС мен аудан әкімдігіне ерекше ризашылықтарын білдірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив