KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 2 м/с, З
487.24 529.34 5.02

Колледж түлектері ҰБТ-ны неше рет тапсыра алады?

Фото: bilimdinews.kz

4.05.2024, 15:55 178 Айжанат Бақытқызы

Колледж түлектері ҰБТ-ны жылына 4 рет тапсыра алады.  Мамыр-маусым айларында өтетін негізгі ҰБТ-ға қатысуға 2 мүмкіндік беріледі.  Егер колледжде бітірген мамандығын жалғастырмаған жағдайда наурыз, тамыз айларында да ҰБТ тапсыра алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

                       Наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ

Ұлттық тестілеу орталығының ақпараты бойынша, егер сіз колледжде оқып бітірген мамандығыңызды жалғастырмай, басқа мамандыққа оқуға түскіңіз келсе, 5 пән бойынша ҰБТ тапсырасыз.

Ол үшін тіркелу сайтында «Өткен жылғы мектеп және колледж түлектері» тетігін баса отырып ҰБТ-ға өтініш бересіз.

 -Тест тапсырмалар саны – 120;

- Жалпы уақыты – 4 сағат (240 минут);

-Жоғары балл саны – 140.

Егер сіз колледжде оқып бітірген мамандығыңызды жалғастырмай, шығармашылық мамандыққа оқуға түскіңіз келсе, 2 пән (Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы) бойынша ҰБТ тапсырасыз.

Тест тапсырмалар саны – 30;

Жалпы уақыты – 70 минут;

Жоғары балл саны – 30.

Негізгі ҰБТ (мамыр-маусым)

Егер сіз колледждегі мамандығыңызды жалғастырып, грант негізінде ЖОО-ға қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін мамандықтарға түскіңіз келсе, өтініш беру бөлімінде «Қысқартылған оқуға түсетін колледж бітірушілері» санатын көрсетесіз. ҰБТ-ны жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша тапсырасыз.

-Тест тапсырмалар саны – 60;

-Жалпы уақыты – 2 сағат;

-Жоғары балл саны – 70;

-Шекті деңгей балы – 25, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – 35 балл. Оның ішінде әр пәннен 5 балдан кем болмауы тиіс.

Егер сіз колледжді шығармашылық дайындықты талап ететін мамандық бойынша бітіріп, ары қарай осы мамандық бойынша грант конкурсына қатысқыңыз келсе, онда ҰБТ-ны арнайы пәннен тапсырасыз.

-Тестілеудің жалпы уақыты – 1 сағат 20 минут;

Егер сіз колледждегі мамандығыңыз бойынша ақылы негізде ЖОО-на қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін мамандықтарға түскіңіз келсе, ҰБТ тапсырмайсыз. Құжаттарыңызды ЖОО-ның қабылдау комиссиясына өткізесіз.

 

ҰБТ-ға тіркелу www.app.testcenter.kz сайтында жүзеге асырылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив