Мектеп кітапханашыларына педагог мәртебесі берілмек
фото: depositphotos.com
Елімізде мектеп кітапханашыларының жалақысын көтеру үшін оларға педагог мәртебесін беру мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Оқу-ағарту министрлігінің дерегінше, республикада 8489 мектеп кітапханашысы бар. Дегенмен, салада білікті мамант тапшылығы байқалады. Мұның үстіне олардың жалақысы да біршама төмен. Айталық, 3 жылдық еңбек өтілі бар кітапханашының айлығы – 105 208 мың теңге. Салыстырмалы түрде айтса, олар 2021 жылы небәрі 72558, ал 2022 жылы 89246 теңге жалақы алған.
Ведомствоның атап өтуінше, еліміздегі 7089 мектепте кітапхана бар, олардың кітап қоры – 137 млн дана.