KZ
Өскемен
-18°
туман Штиль
520.27 537.65 5.24

Дәрігелер ардагерлердің үйін аралап жүр – Шемонаиха ауданы

4.05.2024, 19:17 274 Айна Ескенқызы

Шемонаиха ауданында дәрігелер Жеңіс күні қарсаңында соғыс және тыл ардагерінің үйіне арнайы барып қызмет көрсетті,

Первомай ауылындағы емхана мамандары аудандағы Ұлы Отан соғысының жалғыз қатысушысы Виктор Вуцаннның үйінде барды. Ардагер 10 сәуірде 98 жасқа толған. Қарт жауынгер дәрігерлерді жылы шыраймен қарсы алып, зор алғыс білдірді.

– Бүгінде ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің жасы тоқсанға жуықтады. Оларға емханаға барудың өзі оңайға соқпайды. Ал қазыналы қарттарға қамқорлық жасау – біздің парызымыз. Сондықтан бұл бағыттағы жұмысты жалғастыра береміз. Бір ай ішінде дәрігерлер ауданда тұратын 307 тыл еңбеккерінің үйіне аралап шығады, - деді Шемонаиха ауданындағы орталық аурухананың бас дәрігері Бақыт Таймасова.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу