KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
441.79 478.77 4.9

Жан басына шаққанда 208 келі қоқыс шығады

Фото: rbc.ru

4.05.2024, 11:21 85 Айжанат Бақытқызы

2023 жылы республика бойынша жиналған коммуналдық қалдықтардың жалпы көлемі 4,1 млн тоннаға жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан 8,4% артық, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Статистика бюросының мәліметі бойынша, бұл кем дегенде 2010 жылдан бергі максимум.

Халықтың өсуін ескерсек, бұл таңқаларлық емес, дегенмен 2022 жылмен салыстырғанда, жан басына шаққандағы қалдықтардың түзілу деңгейі 195-тен 208 килоға дейін артқан.

Жалпы, бұл деңгей соңғы жылдары шамамен 200 кило шамасында.

«Қалдықтардың негізгі бөлігі дәстүрлі түрде полигонға жіберіледі. 2023 жылы кәдеге жаратуға 2,9 млн тонна түсті, ал көлемінің жартысынан көбі алдын ала сұрыптаусыз қабылданған коммуналдық қалдықтар болды. 2022 жылмен салыстырғанда, полигонға түсетін қоқыстардың жалпы массасы 11,6% өсті. Нәтижесінде 2023 жылдың соңына қарай көмілген қалдықтардың жалпы көлемі 48,5 миллион тоннаға жетті»,-делінген Статистика бюросының хабарламасында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив