KZ
Өскемен
-1°
плотный туман Штиль
480.61 534.53 5.28

Халыққа қызмет көрсету орталығының Үржар аудандық бөлімі мекенжайын ауыстырды

1.03.2018, 05:23 245

1 наурыздан бастап Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО) мекенжайын өзгертті. Енді барлық мемлекеттік қызметтер Үржар селосы Абылайхан көшесі, 45-үй мекенжайы бойынша ұсынылатын болады.

Есігін айқара ашқан жаңа ХҚО екі қабатты ғимаратта орналасқан.

Бұл бөлімде 20 шақты маман жұмыс істейді. Қазіргі нысан жөндеуден өткен, көлемі 200 шаршы метрді құрайды. Зәулім ғимарат қызмет алушыларға да, жұмыскерлерге де ыңғайлы болары сөзсіз.

Айта кетейік, Халыққа қызмет көрсету орталығы дүйсенбі -сенбі аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив