KZ
Өскемен
+18°
небольшая облачность жел 4 м/с, В
443.37 474.49 4.83

Бесқарағайда Халыққа қызмет көрсету орталығы қоңыстойын тойлады

19.04.2013, 18:00 158


Бесқарағай ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы қоңыстойын тойлады. Орталық Бесқарай ауылының Сейфуллин көшесі, 142 мекенжайына көшірілді.

Бұған дейін ШҚО бойынша «ХҚКО» РМК филиалының Бесқарағай бөлімі аудан орталығының шет аймағында орналасқандықтан, тұрғындар үшін қолайсыздық тудырған. Қазір бұл мәселе шешіліп, ХҚКО модернизацияланған ғимарат берілді. Әрі ұзын-сонар кезекті тудырмай, келушілер арасында кезек күтуде өзара түсініспеушілік жағдайларының туындауына жол бермеу үшін бөлімде Бірыңғай электронды кезек (БЭК) орнатылған. Оған қоса, жаңартылған ХҚКО – да орналасқан арнайы мониторлар арқылы тұтынушылар ХҚКО қызметкерлерінің қызмет көрсету сапасын бағалау мүмкіндігіне ие болды.

Қазіргі кезде Бесқарағай бөлімі модернизацияланған ХҚКО талаптарына толығымен сай және халыққа сапалы және уақытылы мемлекеттік қызмет көрсетуі үшін барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған.

ШҚО бойынша «ХҚКО» РМК филиалының Бесқарай бөлімі 6 күндік жұмыс тәртібінде жұмыс істейді, сағат 09-00 – ден 19-00 – ге дейін. Келесі телефон нөмірі арқылы консультация алуға болады: 8(72236)9-06-29.

Мәлімет көзі: ШҚО ақпарат орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив