Аягөз ауданының ХҚО жаңа ғимаратқа көшті
Бүгіннен бастап Аякөз қаласының және аудан тұрғындары құжаттарды рәсімдеп, барлық қажетті анықтамаларды жаңа Халыққа қызмет көрсету орталығынан ала алады, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» МК ШҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі
Жаңа ғимарат Дүйсенов көшесі, 102/1 мекенжайы бойынша орналасқан. Бұрын бұл ХҚО Б.Момышұлы, 75а мекенжайында болған.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Азамат Есембуловтың айтуынша, жаңа ғимаратта мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету үшін барлық жағдай жасалған. "Халыққа қызмет көрсету орталығы автотұрақ пен тар орын мәселесін шешу үшін ғимаратты ауыстырды. Сондай - ақ, жаңа ХҚО-да мүмкіндігі шектеулі қызмет алушылар үшін электрпандус жұмыс істейді", - деп хабарлады Есембулов.
Сонымен қатар, жаңа ХҚО-да құжаттарды қабылдау үшін және "Connection Point"өзіне-өзі қызмет көрсету секторында жұмыс терезелерінің саны артты.
Естеріңізге сала кетейік, облыс бойынша барлық ХҚО-тар штаттық режимде жұмыс істейді. Коронавирустық пандемия жағдайында қосымша қорғаныс шаралары қабылданды: санитайзерлер орнатылды, белгілер қойылды және т. б..
ХҚО жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліссіз. Сенбі күні сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін.