KZ
Өскемен
-13°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Өскеменде дайын құжаттар бойынша "бір терезе" ғана жұмыс істейді

30.03.2020, 05:13 140

30 наурыздан бастап Өскеменде бір ғана халыққа қызмет көрсету орталығының «бір терезесі» жұмыс істейді.

Еске сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев вирустың алдын алу үшін елдегі барлық «Халыққа қызмет көрсету орталығының» жұмысы доғарылатынын мәлімдеген. Айтуынша, азаматтарға құжаттарды eGov порталы арқылы электронды форматта алуға болады. Бұл порталда 23 түрлі қызмет көрсетіледі.

– 30 наурыздан бастап Өскеменде Белинский көшесі, 37а мекенжайындағы орталықтың «бір терезесі» ғана жұмыс істейді. Онда дайын құжаттар ғана беріледі. Сол секілді «АвтоЦОН-да» да «бір терезе» ғана жұмыс істейді, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» филиалының баспасөз хатшысы.

Орталықтың жұмыс істеу уақыты: дүйсенбі – жұма күндері, 9:00 – 17:00 аралығында. Сенбі күні 9:00-ден 14:00-ге дейін ғана жұмыс істейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу