Смартфон арқылы баға қоятын ұялы қосымша осы көктемде іске қосылады
Өткен жылдың бас кезінен бері ҚР Білім және ғылым министрлігі баға қоюға болатын ұялы қосымша әзірлеп жатқаны туралы көп хабарланып, айтылған еді. ШҚО Білім басқармасы берген ақпарат бойынша, ұялы қосымшаны осы көктемде іске қосу жоспарланған екен.
Қазіргі уақытта мұғалімдерге арналған kundelik.kz сайтының ұялы нұсқасы қолданылуда. Ол арқылы баға қойып, үйге тапсырма беруге, оқушылардың сабаққа қатысуын, пәндер тізімін, сыныптарды және тағы да басқаларды бақылап отыруға болады.
- «Kundelik» ЖШС 20418 жылдың көктемінде ОС ios/android қолданатын смарфондар базасында қосымшаны іске қосуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Білім басқармасында
Айта кетсек, аталмыш ұялы қосымша жүйенің барлық қолданушылары – оқытушылар, оқушылар және ата-аналарға қолжетімді болмақ.
Оқи отырыңыз