KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 2 м/с, С
491.71 529.97 5.05

Түлектерге биыл 400 грант бөлінеді

23.02.2018, 06:30 118

2017 жылы Шығыс Қазақстанда жергілікті бюджет қаржысы есебінен облыстың 5 университетіне сұранысқа ие мамандықтарға 200 грант бөлінген болатын. Ағымдағы жылы гранттар саны екі есеге, 400-ге дейін ұлғаймақ. Бағдарламаны іске асырудың бес жылы ішінде гранттар бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы оқытудың толық кезеңін ескергенде 4,6 миллиард теңгеге жеткен. Бұл жөнінде есепті кездесу кезінде облыс әкімі мәлімдеді.


– Студенттерді оқытуға осыншама қомақты қаржылық ресурстарды құя отырып, біз ЖОО-ларға басты шарт қоямыз – бұл олардың қалалар мен аудандарға шығып, мектептерде белсенді және жүйелі кәсіби бағдарлау жұмыстарнын жүргізуі. ЖОО-ларға пассивті позиция ұстануды доғарып, талапкерлерді іріктеу және жинақтау бойынша жұмысты күшейтетін кез жетті. Жаңа сұранысқа ие мамандықтарды енгізу керек. Жоғары білікті, оның ішінде шетелдік профессорлық-оқытушылық құрамды тарту қажет, – деді ШҚО әкімі тұрғындармен есепті кездесу барысында.

Гранттардың бөлінуіне себеп болып отырған басты жайт – шығысқазақстандық балалардың оқуға шетелдік ЖОО-ларға кетуі. Өткен жылы өңіріміз тиісті атқарылған шаруалардың арқасында шетелге оқуға кеткен түлектер санын екі есеге дейін қысқартты. Алайда, аталмыш мәселені шешуде кешенді тәсіл қажет деп санайды ШҚО билігі. Сондықтан, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Білікті маман» бағдарламасы әзірленді, ол өңірлік ЖОО-лардың бәсекеге қабеліттілігін арттыруды және мектеп түлектерінің кетуін төмендетуді көздейді.


«Әрине, біз түлектеріміздің Англияның, Францияның белді жоғары оқу орындарында, яғни әлемнің үздік университеттерінде оқыса дау жоқ. Бірақ, олардың оқыту деңгейі мен сапасы қазақстандық шамадағы, тіпті одан да төмен университеттерден гөрі өз елінде және өз облысында оқығаны дұрыс», – деді Даниал. Ахметов.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив