KZ
Өскемен
-1°
плотный туман жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Тазартылған күміс пен алтын өндіру саласы төмендеді

21.02.2018, 10:52 226

Өткен жылы облыста тас көмір, мыс, бетон, қорғасын, мырыш, доре қорытпасындағы алтын өндіру көрсеткіштері 2016 жылмен салыстырғанда біршама артқан. Бұдан бөлек электр энергиясын өндіру 0,7 пайызға өсіпті.


Былтыр өңірдегі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндіріс орындары құны 1 541,4 миллиард теңгені құрайтын шикізат шығарған. Облыстық статистика департаментінің өндіріс статистикасы басқармасының басшысы Дидар Сержановтың айтуынша, Өскемен, Курчатов, Риддер қалаларын, Абай, Бородулиха, Глубокое, Зырян және Үржар аудандарын қоспағанда аймақтағы 10 ауданда өнеркәсіп өндірісінің көлемі артқан.


– Біздің өңір шығарылған өнеркәсіп өнімінің көлемі бойынша Павлодар облысынан кейінгі алтыншы орында тұр, - дейді Дидар Сержанов.

Өкінішке қарай, былтыр облыста тазартылған күміс пен алтын, оттегі, цементтік клинкерлер мен портландцемент, сондай-ақ жүк автомобильдері мен тракторларды шығару төмендеген. Ал негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру, автокөлік құралдарын, трейлерлер және жартылай тіркемелер құрастыру салаларында ілгерілеушілік байқалған.


Өткен жылы өңірде химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру 16,2 пайызға, шикі мұнайды және табиғи газды өндіру 6,1 пайызға өсті, - дейді Дидар Сержанов.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив