Абай ауданы бойынша тоғыз айдың қорытындысы нәтижесінде ауданда барлық экономикалық көрсеткіштер бойынша әжептәуір ілгерілеушілік байқалады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Осы мерзім ішінде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 789,6 миллион теңгені құраған. Солайша биыл аудан экономикасына келіп құйылған инвестиция көлемі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда екі есеге жуық артқан.
Ал тиісті мерзіммен салыстырғанда ет өндіру – 117, сүт пен жұмыртқа өндіру 105 пайыз болып біршама артығымен орындалған. Мұның сыртында ауданда малдың өсімі барлық түрі бойынша артқан.