KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
442.05 474.14 4.74

Ауыл халқы азайды ма?

21.02.2018, 07:20 148

Өткен жылы облыста бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 828,5 миллиард теңгені құраған. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 460 миллиард теңге болғанын айта кеткен орынды.


Былтыр өңірдегі ет, сүт, күнбағыс өндіру салаларында едәуір өсім байқалған. Ал кен өндіру және карьерларды қазу жұмыстары 0,8 пайызға азайыпты. Облыстық статистика департаментінің басшысы Әлібек Мақажановтың айтуынша, облыста электрмен жабдықтау, газ, бу беру, ауаны баптау, қалдықтарды жинау және таратуды бақылау жұмыстары кеміген. Сонымен қатар аймақта қала тұрғындарының саны 0,8 пайызға өсіп, ауыл халқының саны сәйкесінше 0,8 пайызға азайған.


 – Облыстағы шағын бизнес субъектілерінің саны 16 735 бірлікті құрайды. Бұл 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5,9 пайызға артық, - дейді Әлібек Мақажанов.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив