KZ
Өскемен
-2°
туман Штиль
478.96 533.03 5.22

Облыстық Спартакиадада озық болды

16.02.2018, 04:30 139

Жуырда  Өскемен қаласында «Самұрық – Қазына» АҚ ұйымдастыруымен 8 – 10 класс оқушылары  арасында  «Sport fest» атты облыстық Спартакиада өткен еді.  Осы жайлы аудандық білім бөлімінің әдіскері С. Қыржыбаев былай дейді:


-Спартакиадаға  Аягөз  ауданының  да  оқушылары  қатысып,  бақтарын  сынап  қайтты.   Оқушыларымыз 5  жүлделі  орындармен  оралды. Жүлделі  орындарға  келетін  болсақ, № 3 орта  мектебінің  оқушысы Сексенбаева Аружан және К. Бозтаев  атындағы  орта  мектебінің  оқушысы   Үмбетов Елжан   шахмат  жарысында  ұлдар,  қыздар  арасында  топ  жарып,  екеуі  де  І  орын  алды.Сергиополь орта  мектебінің  оқушылары қыздар  арасында Айдарова Әмина  тоғызқұмалақ  жарысында   ІІ  орын  иеленсе , Смағұлов Серік ІІІ орын иеленді. Жарыстың  ақырғы  күні  біздің  футболшыларымыз ақтық  ойында  Бородулиха  ауданының  ойыншыларын 5 : 2 есебімен  тізе  бүктіріп, І  орын  иеленді. Техникалық әдістері  әбден  жетілген , біздің  командаға  қарсылас  команда болмады. Жеңімпаздарымызды  атап  өтейік:№ 5 орта  мектебінің  оқушылары Сериков Нарун, Нұғыманов Ерасыл, № 1 орта мектебінің орта  мектебінің  оқушылары Тұрсынбаев Нұрсұлтан, Серікқанов Сарқыт, мектеп –лицейдің  оқушылары Аутов Жан, Толқынбай Мейрамбек, Мұратов Эльдар. Жеңістерге  жете  беріңдер  демекпіз!!!


Баскетбол, үстел  теннисі, әскери – қолданбалы спорт жарыстарында  да  оқушыларымыз  барын  салғанын айта кеткен ләзім.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив