KZ
Өскемен
+32°
переменная облачность жел 1 м/с, С
464.72 496.32 5.4

Волейбол жарысы тартысты өтті

23.02.2018, 04:10 324

Аягөздегі балалар мен жасөспірімдер  спорт  мектебі және  білім  бөлімінің  ұйымдастыруымен 2004 – 2005 жылы туған ұл- қыздар  арасында  аудандық  волейбол  жарысы өткізілді.



- Волейбол тартысты ойын ғой. Команда болып бөлініп ойнаған жасөспірімдердің ойын өрнегі жиналған қауымға жағымды әсер қалдырғаны рас.  Ұл балалар спорт  мектебі мен Д.  Бабатайұлы  атындағы  орта  мектебінде,  қыздар мектеп гимназия, мектеп – лицейдің  спорт  залдарында  өзара бақтарын сынасты.  Ұлдар арасындағы  жарысқа 9, қыздар  арасындағы жарысқа 13 команда  қатысты. Жиыны 176 оқушы  тамаша ойын өрнегін көрсетті,-дейді аудандық білім бөлімінің әдіскері С. Қыржыбаев.


Сонымен, қорытындысында ұлдар арасында   І орынды  Төлеу Көбдіков  атындағы  орта  мектебі, ІІ орынды қаладағы мектеп – гимназия командасы, ІІІ орынды № 3  орта  мектебінің  командасы иеленсе, қыздар  арасында  І орынды  мектеп – гимназия командасы, ІІ орынды № 5 орта  мектебінің  командасы, ІІІ  орынды № 6 орта  мектебінің командасы  иеленді.       Жүлдегерлер мен жеңімпаздар  және  жақсы  өнер  көрсеткен  оқушылар   балалар мен жасөспірімдер  спорт  мектебінің арнайы кубоктарымен,  мақтау  қағаздарымен  марапатталды.



                                                                                 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив