KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Полторанин де, Люфт те үздіктер қатарына ене алмады

31.01.2018, 02:20 201

Австрияның Зеефельд өңірінде шаңғы жарысынан өткен Әлем кубогының Олимпиада ойындары алдындағы соңғы кезеңі жерлесіміз Алексей Полторанин үшін сәтсіз аяқталды.


Еркін стильдегі 15 шақырымдық масс-стартта сынға түскен риддерлік шаңғышы бұл бәсекеде топ жарған швейцариялық Дарио Колоньядан 2 минут 25 секундқа қалып қойып, жарысты бар болғаны 64-ші нәтижемен аяқтады. Дегенмен мамандар Полторанин бұл сайысқа жүлделі орынға таласу үшін емес, Олимпиада алдындағы соңғы дайындығын пысықтау мақсатында қатысқанын айтуда. Айта кетейік, ұзын саны 97 шаңғышы қатысқан жарыста Колоньядан кейінгі екінші және үшінші орындарды Пхенчхандағы ойындарда Алексейдің негізгі қарсыластары саналуы тиіс Алекс Харви (Канада) мен Мартин Йонсруд Сундбю (Норвегия) иеленді.


Тағы бір айта кетер жайт, бұл күндері Швейцарияның Гомс өңірінде шаңғы жарысынан жастар арасындағы Әлем біріншілігі де өтуде. Бұл додаға ел құрамасы сапында Иван Люфт, Никита Жарносенко, Никита Москаленко мен Анжелика Тарасова сынды шығысқазақстандық жас шаңғышылар қатысуда. Әзірге жерлестеріміз жанкүйерлерін жеңістерімен қуанта алар емес. Чемпионаттың бірінші күнінде еркін стильдегі спринтте сынға түскен жігіттеріміздің ішінде үздік нәтижені (22-ші орын) Иван Люфт көрсетті. Ал Н.Жарносенко мен Н.Москаленко жарысты сәйкесінше 43-ші және 82-ші болып аяқтады.


Қыздар арасындағы дәл осындай сайыста біздің Анжелика Тарасова 79 спортшының ішінде 72-ші орынға ие болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив