KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 3 м/с, З
479.23 534.96 5.16

Әлеуметтік көмектер жайлы қайда хабарласуға болады?

26.01.2018, 10:13 270

– Біз облыс орталығына былтыр жаз айында көшіп келген едік. Сұрап, білгім келетіні, қалада тұрақты тұратын тұрғын ретінде түрлі әлеуметтік көмектер алу үшін қай мекемеге хабарласу керек екенін білгіміз келеді. Аталған мәселемен қандай мекеме шұғылданады?


Арғын Салауат,


Ахмер ауылы, Өскемен


Сауалға Өскемен қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Қайратбек жауап береді:


– Сіз сұрап отырған зейнетақы, жәрдемақы тағайындау, мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсету, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға, олардың жесірлеріне, еңбек және тыл ардагерлеріне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, әскери қызметтегі азаматтарға әлеуметтік қорғау – Өскемен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік мекеменің басшысы – Мәулихат Құсайынова. тел. 8/7232/55-12-33.


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив