ШҚО-да Қазақ-Неміс институты ашылды
2024 жылы 26 қыркүйекте Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде металлургия және пайдалы қазбалар өндіру саласындағы Қазақ-Неміс ғылым және технологиялар институтының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Алқалы жиында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сөз алып бұл жобаның маңыздылығына ерекше тоқталды.
Германия ғалымдары аталмыш жоба бойынша өзге мемлекеттерден де көптеген ұсыныстар түскенін алға тартты. Алайда олардың таңдауы Шығыс Қазақстандағы техникалық университетке түскен екен.
Ғалымдардың айтулары бойынша институт металлургия, пайдалы қазбаларды өндіру және тұрақты даму салаларында ғылыми ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу үшін бірегей алаңға айналмақ.
Серік Құсанбаев