KZ
Өскемен
+25°
ясно жел 7 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Даниал Ахметов: Шығыс Қазақстан кез келген саладағы өзара тиімді ынтымақтастыққа әзір

9.11.2017, 14:55 219


Челябі қаласында өткен Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастық форумында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов баяндама жасады.


Ол Шығыс Қазақстан пен Ресей арасындағы тауар айналымы жыл басынан бері 108 пайызға артып, 656 миллион АҚШ долларын құрағанын айтты. Өңірімізде Ресей капиталы қатысқан 586 кәсіпорын табысты жұмыс істеуде.


«Алтай – біздің ортақ үйіміз» халықаралық үйлестіру кеңесі өңіраралық ынтымақтастықты дамытудың тиімді тегершігіне айналды. Осы кеңес өзара пікір алмасуға, өзекті мәселелерді шешуге, адам капиталының ажырамас бөлігі болып табылатын жас ұрпаққа тәрбие беруге арналған алаң іспетті.

Елімізде құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы – ұлтаралық қатынастарды үйлестірудің бірегей институты. Облыста барлық ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениетін, дәстүрін дамытуға жағдай жасалған.


– Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыста ғылыми негізде 28 миллиард теңгенің 61 жобасы іске асырылуда, олар тарихи-мәдени жобалар. Облыстағы қасиетті орындар тізімі жасалды, оған ислам, христиан, будда сынды үш әлемдік діннің ұштасқан жерін білдіретін Аблайкит ғибадатханасы, Еуразия кіндігі – Мұзтау шыңы еніп отыр. Өңірде мекен еткен ұлттардың ауыз әдебиеті, дәстүрі терең зерттелуде. Отансүйгіштік, рухани даму осы дүниелерден бастау алады. Әдеби белдеу жобасы мәдени мұрамыздың әр алуандығын көрсетеді. Шығыс Қазақстан – Абай, Шәкәрім, Достоевский, Бажов, Әуезов, Волков, Гребенщиков, Иванов сынды әдебиет алыптары өмірге келген, еңбек еткен өңір. Осы жерлер арқылы туристік маршруттар ұйымдастыру ресейлік туристерге де қызықты болуы тиіс, – деді Даниал Ахметов.


Адам капиталын дамытуға бизнестің үлесі орасан. «Туған жер» жобасы аясында облыс «Менің мектебім» акциясын өткізді, облыс кәсіпкерлері мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептері үлгісінде жарақтандыру мақсатында 2,3 млрд. теңге инвестиция құйды.


Білім сапасын дамыту – ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басым бағыты. Осы негізде білім беру стандарттары жаңартылуда, ондағы мақсат – әлемдік ғылым-білім кеңістігіне табысты кірігу. Былтырдан бері облыста үштілді білім беру бағдарламасы енгізілуде. Облыс жоғары оқу орындары мен Ресей университеттері арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылған.


– Алдағы мақсат – Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірыңғай сандық кеңістік құру. Бір мысал – бірыңғай электронды денсаулық құжаты енгізілетін болса, науқас Одақтың кез келген елінде жеке мәліметтерге қол жеткізе алады.


Қазақстан мен Ресейдің экономикалық, гуманитарлық байланыстары жылдан-жылға нығайып келеді. Шығыс Қазақстан кез келген саладағы өзара тиімсді ынтымақтастыққа әзір, – деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив