KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
480.61 534.53 5.28

ШҚО дзюдошылары Ресейде өткен турнирде жақсы нәтижеге қол жеткізді

1.11.2017, 11:46 180

27-29 қазан аралығында Барнаул(Ресей) қаласында жасөспірімдер арасында өткен халықаралық «Дзюдо күніне» арналған «Сенсей Кубогы» дзюдодан дәстүрлі аймақаралық турнирінде шығысқазақстандық жас спортшылар жүлдегерлер қатарынан табылды.


«Семей қаласы бойынша №1 Шығыс Қазақстаноблыстық Олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ спортшылары өз саламқатарында тұғыр сатысына көтерілді.

Жарыстың алғашқы күні 2007-2009 ж. т. арасында Темірлан Шыңғаев (35 кг) – 1-ші орын, Тамерлан Қуанышев (26 кг), Аслан Сапарғали (38 кг) мен Темірлан Шафхат (42 кг) – өз салмақ дәрежелерінде жүлделі 3-ші орын иеленді.


Жарыстың келесі күні 2004-2006 ж. т. арасында Мәди Серіков(38 кг) – 1-ші орын,Ақжан Шайхислямов (38 кг) мен Данияр Канағатов (46 кг) – өз салмақ дәрежелерінде 3-шіорыналды.


Жарыстың соңғы күні де біздің спортшыларымыз үшін жеңіске толы болды. 2001-2003 ж. т. арасында Жақсылық Жұмабеков (66 кг) Дияс Талғатұлы (81 кг) – 1-ші орын, НұрғанатӘлімғазыұлы (46 кг), АйданҚонысбеков (50 кг) мен Айдар Төлеубаев (55 кг) – 2-ші орын, Әділ Жангуттин (46 кг), Азамат Зулжалелов (55 кг) пен Еркебұлан Маратұлы (60 кг) – өз салмақ дәрежелерінде 3-шіорынға иабан тіреді.


ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив