KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 4 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Асқар Мамин ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды

25.02.2019, 06:57 143

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Маминді ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарланды Ақорда  твиттерінде.


Асқар Ұзақбайұлы Мамин 1965 жылы 23 қазанда Целиноград қаласында дүниеге келді.


Білімі

— 1987 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген. (инженер-құрылысшы);


— 2003 жылы Ресей Федерациясы үкіметі жанындағы халық шаруашылығы академиясын тәмәмдады;


Отбасылық жағдайы 

Әйелі Мамина Алтынай Қасымқызы. Балалар: ұлы Данияр мен қызы Динара.


Еңбек өтілі

• Монтаждаушы, "Целинтяжстрой" трестінің шебері (1987-1988);


• Целиноград облыстық атқарушы комитеті Ішкі істер басқармасында борышын өткерген (1988-1991);


• Қазақстанның инновациялық кәсіпорындары одағы бас директорының орынбасары (1991-1993);


• "Интер-Ишим" ҚК бас директоры (1993-1996);


• Ақмола (Астана) қаласы әкімінің бірінші орынбасары (1996-2000);


• Ақмола АЭА әкімшілік кеңесі төрағасының орынбасары (1998-2000);


• Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар вице-министрі (2000-2002);


• Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі автомобиль жолдары комитетінің төрағасы (2000-2001);


•  "Инком Астана" ЖШС бас директоры (2002-2003);


• Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және сауда министрлігінің бірінші вице-министрі (2003-2004);


• Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар министрі (2005-2006);


• Астана қаласының әкімі (2006-2008);


• "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ президенті (2008-2016);


• Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары (2016);


Басқа лауазымдары 

• "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (2003-2004);


• "Қазақстанның даму банкі" ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі (2003-2004);


• "Kazakhstan Engineering" ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі (2003-2004);


• Халықаралық астаналар мен ірі қалалар ассамблеясының вице-президенті (2007);


• Қазақстан Республикасының шайбалы хоккей федерациясы президенті (2008-2012, 2016 жылы қайта сайланды);


• Мәжіліс жанындағы "НҰР ОТАН" ХДП фракциясының мәслихаттар және азаматтық қоғам институттарымен байланыс бойынша кеңес мүшесі (2007);


• Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ұлттық инвесторлар кеңесінің мүшесі (2008-2010);


• Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының көлік, логистика және байланыс комитетінің орынбасары (2014-2016);


• "ҚТЖ" ҰҚ" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (2015-2016);


• "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы (2016);


• Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесіндегі өкілі (2016);


Партия құрамындағы қызметі

• "Нұр Отан" ХДП саяси кеңесінің мүшесі;


• "Нұр Отан" ХДП Астана қалалық филиалының төрағасы (2006-2008);


Марапаттары

•  "Ерен еңбегі үшiн" медалі (Қазақстан Республикасы — 1998);


•  "Құрмет" ордені (Қазақстан Республикасы — 2006);


• "Астанаға 10 жыл" мерейтойлық медалі (Қазақстан Республикасы – 2008);


• Қасиетті сенген князь Даниил Московский ордені (Ресей Федерациясы – 2010);


• Екінші дәрежелі "Барыс" ордені (Қазақстан Республикасы – 2011);


• Астана қаласының құрметті азаматы (Қазақстан Республикасы – 2011);


• Құрметті теміржолшы (Қазақстан Республикасы – 2012);


• Құрметті Легион орденінің кавалері (Француз Республикасы – 2013);


• Міндет Крестінің гранд-офицері (Латвия Республикасы – 2013);


• Қазақстанның құрметті құрылысшысы (Қазақстан Республикасы  – 2013);


• "Азаматтық еңбегі үшін" орденінің үлкен кресті (Испания корольдігі – 2014);


• "Дустулик" ордені (Өзбекстан Республикасы — 2017);


Ғылыми атағы

• Техникалық ғылымдар кандиаты;


Әскери қызметі, әскери шені

• Запастағы полковник;


sputniknews.kz

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив