KZ
Өскемен
+8°
туман Штиль
478.89 528.74 5.29

«Семей» спорт академиясының дзюдошылары ірі турнирлердің жүлдегерлері атанды

22.12.2017, 04:12 216

Ақтау қаласында өткен дзюдо күресінен 2000-2001 жылғы туған жасөспірімдер арасындағы Республикалық турнирінде Семейдегі №1 Шығыс Қазақстан облыстық Олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары жүлделі орындарға ие болды.



Мирас Тынысбеков (46 кг), Әсет Төлеубек (60 кг), Аңсар Серікбосынұлы (66 кг) мен Балғын Әбдешова (44 кг) – 1-ші орынды иеленсе, Айсұлтан Амангелді (60 кг) мен Семейхан Серікұлы (50 кг) – 2-ші орын, Роллан Саятов (76 кг) – 3-ші орын алды.


Сондай-ақ, Өскемен қаласында өткен дзюдодан КСРО спорт шебері М. Чегеевті еске алуға арналған Халықаралық турнирінде 73 келі салмақ дәрежесінде күрескен Елдар Бейсембаев 1-ші орын алды.


Сонымен қатар, Бішкек қаласында (Қырғызстан) өткен дзюдо күресінен «Хан Манас» халықаралық турнирінде 66 келі салмақ дәрежесінде күрескендер арасында Дастан Шаяхметов – 2-ші орын, Алмас Әбілмажінов– 3-ші орын алды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив