KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 6 м/с, С
479.23 534.96 5.16

ЭКСПО көрмесі аяқталғанша 30 қылмыстық оқиға тіркеліпті

11.09.2017, 06:14 77

«Астана ЭХРО-2017» ұлттық компаниясының топ менеджерлері өткізген баспасөз мәслихатында компанияның қауіпсіздік қызметі департаменті директорының орынбасмары Денис Давыдов көрме кезінде кешен аумағында 30 ұсақ қылмыс тіркелгенін айтты.


Олар біреудің мүлкін ұрлау, кешен аумағына рұқсат етілмеген заттарды алып кіру, жеңіл наркотиктер түрін пайдалану сияқты қылмыстар.

-Терактілік оқиғаларының орын алуына әкеліп соғатындай ешқандай оқиғалар, жағдайлар тіркелген жоқ. Біз көрменің қауіпсіз өтуіне 3000 полиция қызметкерінің, қорғаныс, төтенше жағдайлар министрлігі қызметтерінің, жеке күзет қызметтерінің күшін жұмылдырдық. ЕХРО қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын екі жыл бойы жүргіздік ,- деді ол.


ЕХРО кезінде көрме кешеніне билетсіз кіріп кетуе әрекет ету, қалдықтарды лақтырып тастау сияқты ұсақ тәртіп бұзушылықтар орын алған. Көрме кезінде ұшып жүріп түсіретін дрон аппараттарын заңсыз пайдаланған 48 жағдай тіркелген.


Көрмеге келушілердің бәрі де арнайы заманауи тексеру, бақылау түрлерімен жабдықталған өткізу, бақылау пункті арқылы тексеріліп кіргізілген.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив