Семейде 31 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында 430 қылмыс тіркелген
2019 жылдың 31 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында Семей полиция басқармасына 430 қылмыс пен түрлі оқиғалар тіркелген, оның 63-і аса ауыр қылмыс түріне жатады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
-Оның ішінде бөтеннің мүлкін тонау 18 факті болса, 12 бұзақылық, 5 алаяқтық, 1 тонау, 6 рет денсаулыққа зиян келтіру істері тіркеліп отыр,-деді Семей қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Елубек Оспанов,-полицейлер қылмыстың 60 пайызының ізін суытпай ашты. Осы мереке күндері 21 жол көлік оқиғасы орын алды. Жол көлік апатынан әзірше жарақат алып, қазаға ұшырағандар жоқ.
Бейнебақылау арқылы 2 қылмыстық із, бұзақылықтар көңіл көтеру нысандарынан есепке алынды. Ұсақ тәртіп бұзушылыққа орай 40 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп отыр.