KZ
Өскемен
+26°
небольшая облачность жел 2 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Археологтар Зайсан өңірінен тың жаңалық ашты

5.09.2017, 02:25 210

Зайсан ауданына жұмыс сапарымен барғанаймақ басшысы Даниал Ахметов Айнабұлақ және Қаратал ауылдық округтері аумағында осы жазда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесіне қанықты. Археологиялық қазба жұмыстары барысында бірнеше ғылыми жаңалық ашылып отыр. Экспедиция жетекшісі, профессор Әбдеш Төлеубаевтың айтуынша, Айнабұлақтағы көне қорымдардан біздің заманымызға дейінгі 25-18 ғасырларға, яғни байырғы қола дәуіріне жататын жәдігерлер табылып отыр.


Жалпы Зайсан өңірінде 500 шақты қорған бар. Ғалымдар биыл солардың төртеуін аршыған. Алғашқыда олар бұл қорымдарды сақ-скиф дәуіріне жатқызып келген. Алайда, қабірлерден табылған заттар Афанасьев мәдениетіне тиесілі болып шығыпты. Яғни, бұл қорғандар сақтардан едәуір бұрын, тас-қола дәуірінің бас кезінде, осыдан төрт жарым мың жыл бұрын салынған екен.


– Біздің тамыры тым тереңде жатқан бай тарихымыз бар, өткенімізге қарап тамсанбасқа болмайды. Бұл жерден табылып отырған жәдігерлер тек ел тарихына ғана емес, бүкіл адамзат тарихына тың жаңалықтар енгізіп отыр. Осыдан төрт жарым мың жыл бұрын осы Алтай өңірін бірегей мәдениеті бар бабаларымыз мекендегенін нақты дәлелдермен анықтап отырмыз. Олар қола құю технологиясын жетік меңгеріп, өткір қанжарларға дейін жасай алған, бояу түрлерін пайдаланған, – деді бұл ретте облыс әкімі Даниал Ахметов.


Аймақ басшысының тапсырмасына сай археологиялық жұмыстарды жалғастыруға тағы да шамамен 300 миллион теңге бөленетін болды, ал қорғандардың біріне саркофаг салынады.


«Туған мектеп» бағдарламасы қолға алынбақ


Облыс әкімі Даниал Ахметов Зайсан ауданына жасаған жұмыс сапары барысында «Туған жер» ауқымды бағдарламасының жаңа компонентін құру туралы бастама ұсынды. «Туған мектеп»ә деп аталатын жаңа жоба еліміздегі бірден-бір жоба болмақ.

Қаратал мектебінде болған облыс әкімі оқу орнының материалдық базасымен, білім сапасымен танысты. Мұндағы география және тарих кабинеттерін мектептің бұрынғы түлектері жөндеп, құралдармен жабдықтап беріпті. Осы үздік үлгіні облыстың барлық мектептеріне тарату ұсынылды.


Биыл аудандағы ҰБТ көрсеткіші 87 балл болса, бұл мектептің түлектері орташа 82,6 балл жинапты. Білім сапасын арттыруға күш салуды тапсырған аймақ басшысы мектеп ұжымына облыста қолға алынғалы отырған «Туған мектеп» бағдарламасы жайында айтып берді.


– Осы ретте барлық мектеп директорлары екі ай ішінде ақырғы жиырма жылда ұшырған түлектерін түгендеп шығуы тиіс. Олар өз кезегінде туған мектептеріне шама-шарқынша көмек көрсетулері керек. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылатын «Туған жер» бағдарламасының мақсат-міндеттерінен туындаған жоба бұл, – деді Даниал Ахметов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив