Техникалық мамандық иелері әскерден босатыла ма?
Фото: depositphotos.com
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жоғары оқу орындарында техникалық бағытта білім алғандарды әскерден босатуды ұсынды.
Министр техникалық бағыттағы мамандардың тапшылығына назар аударды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Осыған байланысты аталған мамандықтар бойынша оқу орындарын бітірген түлектерді әскери борышын өтеуден босату туралы мәселені қарастырып, колледждерде сержанттар құрамын даярлауға және әскери даярлықтан өтуге бағытталған әскери кафедралар ашуды ұсынамын, – деді министр.
Айта кетейік, техникалық мамандықтар қатарына мыналар жатады: информатика, механика, техник-құрылысшы, байланыс және энергетика жөніндегі маман, кенші-металлург, мұнайшы, энергетик, құрылысшы, автомеханик, радиоэлектроника, инженер және басқалары.
Оқи отырыңыз