KZ
Өскемен
-20°
туман Штиль
504.6 594.27 6.48

Өскеменде құтқарушылар ер адамға көмекке келді

26.06.2024, 09:31 229 Айжанат Бақытқызы

Құтқарушылар Үлбі өзенінде ағыс алып кеткен ер адамға көмекке келді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, Үлбі өзенінің бойындағы Протозанов көшесінің маңында куәгерлер көмек сұрап айқайлаған дауысты естіп, бірен құтқарушыларды шақырған.

Қайықпен келген Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері аралдағы ер адамды тапты.

Белгілі болғандай, күн ыстық болған соң шомылуға шешім қабылдаған. Бірақ шомылуға жабдықталмаған жерде оны ағыс алып кетіп, салдарынан өздігінен жағаға шыға алмай қалған.

«Құтқарушылар 1994 жылы туған ер адамды қауіпсіз жерге жеткізіп, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

ШҚО ТЖД жабдықталған орындарда ғана шомылу қажеттігін тұрғындардың есіне салады.

Төтенше жағдайға тап болсаңыз 112 нөміріне хабарласыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу