KZ
Өскемен
-7°
туман жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Еліміздің теннисшілері жұптық сында әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді

Фото: depositphotos.com

25.06.2024, 21:02 90 Анель Слямғазықызы

Қазақстандық теннисшілер жұптық сында ATP рейтингісінде жоғары көтерілді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Недовесов 48-ден 47-орынға шықты. 

Сонымен қатар Александр Бублик 144-тен 133-ке ауысты. 

Басқа да қазақстандық теннисшілердің жұптық сында алға басып келе жатқанын байқауға болады. Атап айтқанда, қазіргі кезде Алексей Нестеров — 556 (+5), Тимофей Скатов — 868 (+1), Александр Шевченко — 879 (+1), Ростислав Гальфингер — 1588 (+5), Тимур Мәуленов — 1709 (+11), Павел Петров — 2114 (+1) және Ерасыл Ерділдә — 2444-орында (+2) тұр. 

А.Недовесов румыниялық Виктор Влад Корнямен бірге кеше Истбурн (Ұлыбритания) ATP 250 турнирінің алғашқы айналымында аргентиналық Себастьян Баэс – Мариано Навонға 3:6, 6:7 (2:7) есебімен жол беріп, ширек финалға шыға алмай қалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив