KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями Штиль
439.43 473.31 4.82

Өскеменде қолөнершілердің «Алтай базары» атты фестивалі өтті

14.08.2017, 11:31 119

Өскеменде қолөнершілердің «Алтай базары» атты фестивалі өтті. Облыстың он ауданынан жиналған 23 шебер бір-бірімен арқа-жарқа араласып, облыс орталығындағы айшықты орындардан шалқар шабыт алып қайтты.


Әуелі қолөнершілер тайлы тұяғы қалмай «этноауылды» аралаған болатын. Шараға мұрындық болған туризм және сыртқы байланыс басқармасының өкілі Сымбат Рамазановтың айтуынша «этноауылға» саяхат жасауды ісмерлердің өздері ұсыныпты. Өңірде өмір сүріп жатқан түрлі ұлыстардың қолөнеріне қаныққан қолөнершілер этонауыл базасында өткен семинарға да қатысып, саланың қордаланған мәселелерін талқылады. Семинардан соң олар «Жастар» саябағына келіп, ондағы елге ақысыз шеберлік сағатын өткізді. Он қолы оймақ жандар қолөнерге аңсары ауған халыққа кәдесый дайындау, былғары өңдеу, қайыс өру, ши мен тал тоқу, киіз басу, ағашқа өрнек салу, тас қашау сынды машықтардың негізін үйретті. Солардың ішінде ептілік пен естілікті қатар талап ететін нәзік өнерге зор ықылас танытып, ыждаһат білдіре алған еңбекқорларына арнайы сертификат табысталды. Бұл шеберлік сағаты кешке қарай Республика алаңындағы жәрмеңкеге ұласып, қараңғы қоюланғанша жалғасты.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив