KZ
Өскемен
+4°
туман жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Биыл ШҚО-да жол-апатынан қаза болғандар саны екі есеге азайды

31.07.2017, 03:18 139

Жыл басынан бері облыста көлікті мас күйінде тізгіндеген мың жарым адам ұсталған. Бұл жөнінде және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қолға алынған шараларды тұрғындар мен консультативтік-кеңес органы мүшелерінің алдындағы есеп берген облыстық ІІД бастығы Жанарбек Бақтыбаев айтып берді.


Оның айтуынша, жыл басынан бері тәртіп сақшыларымен жол қозғалысы ережесін бұзудың 104 мың фактісі анықталған. Мың жарым адам темір тұлпарларын мас күйінде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылған. Екі мың адам жүргізуші куәлігінен айырылып, 5,5 мың шығысқазақстандық әкімшілік қамауға алынған.


ІІД ұйғарымымен алты бағдаршам орнатылып, тағы төртеуіқайта жаңартылған. Қауіпті жол учаскелеріндегі мыңнан аса жол белгілері ауыстырылған және орнатылған.


– Қабылданған шаралардың нәтижесінде ағымдағы жылы жолдағы апат 11 пайызға азайды. Соның ішінде жол-көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болғандар саны екі есеге, ал жарақат алғандар 9 пайыз азайды, - деді Жанарбек Бақтыбаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив