Балалар жазда қайда демалып жатыр?
Балалардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру – облыстық білім басқармасының, аудандық және қалалық бөлімдері қызметінің басты бағыттарының бірі.
Биыл балалардың жазғы демалысы екі бағытта ұйымдастырылды. Біріншісі - жазғы лагерьлердегі демалыс және сауықтыру, екіншісі - секциялардың жұмысына, қызығушылықтары бойынша үйірмелерге қатысу, саяхатқа шығу. Облыста 1-10 сынып оқушыларының жалпы саны 161 835 баланы құрайды.
Бірінші бағыт бойынша балалардың 96 пайызы қамтылады. Облыста 889 сауықтыру лагері мен алаңдары, 438 мектеп жанындағы лагерь, 386 бейінді, 34 - қала сыртындағы, 31 палаткалық, спорттық, киіз үйлер лагерьлері жұмыс істейді. Демалыс балалар лагерьлерінде дамытушы, сауықтыру, білім беру, мәдени және коммуникативтік функцияларын орындайды.
Екінші бағыт бойынша 69 жасөспірімдер клубы жұмыс істесе, онда қызығушылықтары бойынша 386 үйірме бар. Еңбектің барлық түрлерімен, өлкетану, шығармашылық, спорттық-бұқаралық және зияткерлік жұмыспен 97,5 пайыз оқушыны қамту жоспарланып отыр. Жалпы алғанда, балаларды жазғы демалыспен қамтуды өткен жылмен салыстырғанда сегіз пайызға арттыру межеленген.
Балаларды сауықтыру мен жазғы демалыстарын ұйымдастырудың барлық түрлері балалар мен жасөспірімдердің өз мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін жүзеге асыратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады.