KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, В
480.61 534.53 5.28

60 жастан асқандар "Нұрлы жол" арқылы пәтерге қол жеткізе ала ма?

20.07.2017, 03:25 174

– 60 жастан асқан адамдарға қазіргі уақытта мемлекеттен қандай да бір жеңілдікпен баспана алу тетіктері немесе қандай да бір мемлекеттік бағдарламалар қарастырылған ба?


Раушан Алдиярқызы

Өскемен.


Сауалға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалының №2 қызмет көрсету орталығының бірінші санатты маманы Данара Әлиханова жауап береді:


– Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттың жалпы шарттары бойынша тұрғын үй, аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй қарыздары қарыз мерзімінің аяқталуына қарай жасы 65 жастан аспайтын салымшыға беріледі.


Ал қарыз беру сәтіне немесе қарызды өтеу мерзімінің аяқталуына қарай тұрғын үй қарызына қайта қаржыландыруды есепке ала отырып, несие беру мерзімінің аяқталуына дейін жасы 65-тен асып кететін салымшыға міндетті түрде қасына адамдар тарту талабымен қарыз беруге рұқсат етіледі.

Ескере кететін жайт, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылар үшін мемлекет тарапынан түрлі жеңілдіктер мен ынталандырулар көзделген.


Мәселен, тұрғындар «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сатып алуға өтініш берсе, аталмыш бағдарлама аясында тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің барлық салымшылары жылдық 5%-бен берілетін қолжетімді қарызды пайдалана отырып, пәтер сатып алуға болады.


• «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» барлық салымшылары үшін жыл сайын республикалық бюджеттен салым сомасының 20% мөлшерінде ынталандыру бөлінеді (ынталандырылатын салым сомасы 200 АЕК дейін).


• Қарыз алушылар үшін қарызды өтеу кезінде жеке табыс салығы бойынша салықтық жеңілдіктер берілген, яғни, несие үшін төленетін сыйақы салық салынатын табысты есептеген кезде шегеріліп тасталуы тиіс.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив