KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
474.57 513.63 5.53

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен заемды қалай алады?

2.06.2013, 18:00 203


– Өткенде бір танысымнан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жарты ақшасын жинаса, қалған жартысын банктен заем (қарыз) алып, пәтер алуға болады дегенді естіп едім. Өзіміз ауылды тұрамыз, қалаға барғанға уақытымыз бола бермейді. Сол туралы нақтырақ білуге бола ма?

М. Оралбекова
Зайсан ауданы.

Сауалға «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Нұрлан Күзембаев жауап береді:
– Салымшы таңдап алған тарифтік бағдарлама талаптарында берілетін тұрғын үй заемы банктегі негізгі заем болып табылады. Салымшымен тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасаған сәттен бастап, банк өзіне келешекте тұрғын үй заемын беру талаптары туралы міндеттеме алады.

Мұндайда клиент жинақтау мерзімі ішінде банктің мынандай негізгі талаптарын орындауы тиіс:
– 3 (үш) жылдан кем емес мерзім ішінде шарттық соманың 50%-ын жинау;

– тұрғын үй құрылыс жинақ банкі есептеген тәртіпте бағалау көрсеткішінің ең төменгі мәніне жету. Бағалау көрсеткішін есептеген кезде тұрғын үй құрылыс жинақтарын жинау талаптарының сақталуы және ұзақтығы есепке алынады;

– салымшының қажетті тұрғын үй заемын қамтамасыз етуді беруі;

– заемшының тұрғын үй заемын өтеуге төлем қабілетін растауы;

Банк тіпті құнсыздану деңгейі немесе валюта бағамы өзгерген жағдайда да тұрғын үй заемының талаптарын өздігінен өзгерте алмайды. Негізінде, қазіргі уақытта тұрғын үй заемдары құнсыздану деңгейінен төменгі мөлшерлемеде бе-
ріледі. Мұның өзі банк клиенттері үшін өте ыңғайлы. Бұл банктік заемдар бойынша Қазақстандағы ең төменгі пайыздық мөлшерлемелер болып табылады.

Дәурен Аллабергенұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив