KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 9 м/с, СБ
442.05 474.14 4.74

Биыл ШҚО-да 1142 салымшы баспаналы болады

12.07.2017, 03:23 270

Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі облыстық филиалы директорының орынбасары Рауан Баяштың түсіндіргеніндей биыл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі іске асырып жатқан барлық тұрғын үй құрылыс бағдарламалары аясында облыстағы 1142 салымшы өзінің жеке меншік пәтеріне қол жеткізе алады.


Биыл «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасы бойынша - 559 салымшы, «Жайлы тұрғын үй» өңірлік бағдарламасы бойынша - 450 салымшы, банктің өзінің «Өз үйім» бағдарламасы бойынша- 133 адам өз пәтерінің кілтіне ие болады.


« Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша пәтер сатып алушыға несие қайтарымы жылдық 5 пайыз сыйақы мөлшерлемесімен беріледі. Бірақ салымшының жеке меншік үйі( ауылда болса да), пәтері болмауы тиіс және салымшы тұрғын үй бағасының 30 пайызын депозитке алдын–ала жинақтауы немесе бірден әкеліп салуы керек. Қазіргі уақытта « Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Өскеменде 360 пәтерге арналған екі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Үйлер 2018 жылы пайдалануға беріледі.


«Жайлы тұрғын үй» және «Өз үйім» бағдарламалары бойынша пәтер алушыларға жеке меншік үйінің болмауы керек деген шарт қойылмайды. Ең бастысы несие алу үшін пәтер бағасының 30 пайызы депозитте болуы тиіс «Өз үйім» бағдарламасы бойынша келер жылы 876 пәтер банк салымшыларына несие беру талаптары бойынша сатылады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив