KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, СБ
442.05 474.14 4.74

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына 96 200 теңгеден сыйақы түсті

6.02.2019, 04:12 88

Өткен жылдың қортындысы бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 1 038 869 салымшысына мемлекеттік сыйақы түсті. Барлығын қоса есептегенде 28,6 млрд теңге аударылыпты. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 5,6 млрд теңгеге артық екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Банк басшылығы сыйақы мөлшерінің артуын салымшылардың қатарының көбеюімен түсіндіреді.


– Бір салымшыға берілетін ең көп сыйақы – 96 200 теңге. Оны бір жыл бойы 481 000 мың теңгеден асырып жинаған 202 900 салымшы алды. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – халыққа пәтер алуға көмектесетін еліміздегі жалғыз банк. Салымшыларға жыл сайын берілетін сыйақы олардың пәтерге жедел қол жеткізуіне жәрдемдеседі, – деді банк басшысы Ләззат Ибрагимова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив