KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Биыл Шығыс Қазақстанда тоғыз нысан пайдалануға берілмек

4.07.2017, 09:17 156

Биыл Шығыс Қазақстанда жалпы сомасы 19 698,5 миллион теңгені құрайтын әлеуметтік-мәдени маңызға ие 16 нысанның құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы хабарлайды.


Осы орайда, бүгінде бұл тізімдегі екі нысанның құрылысы аяқталып қойғаннын айтқан жөн. Атап айтқанда, Үржар ауданының Жаңа тілек ауылында білім беру мекемесі пайдалануға беріліп, Семейдегі жаңа спорттық нысанның инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын тарту жұмыстары соңына жеткен.


Салалық басқармадан хабарлағандай, облыста 2017 жылдың соңына дейін тағы тоғыз әлеуметтік-мәдени нысан пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Олардың ішінде Аягөз, Тарбағатай, Шемонайха аудандарындағы, Семей қаласы мен Семей қаласының Бобровка кентендегі жалпы сиымдылығы 3 300 орындық бес мектеп, сондай-ақ, Риддердегі 280 орынға шақталған мектепке дейінгі балалар мекемесі бар. Бұған қоса, биыл Өскемен мен Семей қалаларында екі денсаулық сақтау нысаны пайдалануға беріледі деп күтілуде. Семейдегі құқық қорғау саласына тиесілі жаңа ғимараттың құрылысы да аяқталмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив