Биыл 1475 жас Шығыс Қазақстан облысы бойынша « Жасыл ел» еңбек жасақтары қатарында жұмыс істейтін болады.
Он үшінші маусымының ашылуы Астана қаласында жұмысын бастаған халықаралық «ЭКСПО – 2017» көрмесінің ашылуымен тұспа-тұс келді. Жасақшылар амфитеатрда өткен қайырымдылық балына қатысып, кішкентай Әлижан Бауыржановтың денсаулығына қаражат жинауға қол үшін берді.
Облыстық « Жасыл ел» еңбек жасақтары жетекшісі Қуаныш Хасеновтың айтуынша, былтыр 1100 жас болса, бүгінде олардың қатары толығып келеді, жастар жағынан қызығушылық артқан. Өткен жылы еңбек жасақтары екі үлкен қалада, 13 ауданда жұмыс атқарған көрінеді.
- Қазір олардың жалақысы да артты. Бұрын 17 мың теңге болса, биыл өз тарапымыздан 35 356 теңге төлейміз. Сонымен қатар жұмыс беруші тарапынан да ең төменгі жалақыдан кем емес мөлшерде ақы төленеді, сонда ортапша есеппен алғанда 50-60 мың теңгені құрайды. Жоғарғы жалақы 90 мың теңгеге дейін барады, - деп түсіндірді Қуаныш Хасенов.
Айна Ескенқызы
Сурет: Манап Мурзатаев