KZ
Өскемен
небольшая облачность жел 2 м/с, Ю
480.63 535.13 5.27

Қызмет бағасы екі есе өскен, бірақ қоқыс шығарылмай жатыр. Өскемен

28.05.2017, 18:00 247



Өскемендегі Тәуелсіздік даңғылының бойындағы № 29/2 және 29/3-ші үйлердің маңайы бұл. Қоқыс контейнерлері аузы-мұрнынан шығып, тұрмыстық қалдық жолға дейін шашылып жатыр.

Тәуелсіздік даңғылы 29/2 ші үйдің тұрғыны Асия Отудинова айтады:

-Осы үйде тұрып жатқаныма 22 жыл болды. Жанымыздағы мектеп те сенбіліктен кейін осында қоқыс тастап жүргенін бірнеше рет байқадым. Коммуналдық қызмет өз жұмыстарына өте салғырт.

Жауапты мекеме - КСК Металлург-3 төрағасы Майгүл Ақанованың айтуынша, қоқыс жуықта ғана тазаланған. Дәл осы жерден 4 жүк көлігі толы қоқыс шығарылыпты. Бұл – соңға аптада жиналып қалған тұрмыстық қалдық көрінеді.

-Қоқысты жинауға тікелей жауапты «Өскемен спецкоммунтранс» мекемесі,-дейді Майгүл Ақанова.

Аталмыш серіктестікке телефон шалғанымызда, олар жауапкершілікті тағы біреуге сілтеді.

- Бұл контейнерлерге КСК Металлург - 3 жауап береді. Биыл олар қоқысты шығаруға төленетін ақша құнын 2 есеге көбейтіп жіберді. Адам басына айына 156 теңгеден ден төлейміз. 1 үйде 4 адам болса - 624 теңге. Бағаны көтергеннен кейін олар қоқысты уақытылы шығаруға уәде берген. Бірақ, шаруаның орындалып жатқанын көріп тұрғанымыз жоқ. Бұрындары осындай жағдайлар болып тұратын. Ол кезде өзіміз техника жалдап та шығарған кездеріміз болды. Біз оларға ақша төлеп отырып, неге тағы қосымша техника жалдау керекпіз. Соңғы рет олар қоқысты 9 мамыр қарсаңында шығарған. Ауламызды жағымсыз иіс жайлаған. Бұл - денсаулыққа зиян,- дейді Тамара Комарова.

Ерсанат Сайынов




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив